Медицина қызметкерлерінің қызмет бабында құқығын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 3 қаңтардағы Заңы бойынша ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында түсіндірме семинар өткізілді.
Семинарды аурухананың заңгер маманы Мематалиева Л.С және комплаенс офицер Эспаева А.Е. жүргізді.
Іс-шараға клиника мамандары қатысты, қызметкерлерге берілген тақырып бойынша жан-жақты мәлімет берілді.
Спикердің баяндамасынан кейін талқылау мен сұрақ-жауап бөлімі өтті.










